«Заң сөйлейді»: Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметі мен полиция жұмысының түрлі бағыттарын көпшілікке таныстырып жүрген «Полицейдің күнделігі» айдары аясындағы «Заң сөйлейді» подкастының кезекті шығарылымы жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналды.
Заң мен тәртіпке негізделген подкасттың бұл шығарылымында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігі, жол қозғалысына қатысушылардың жауапкершілігі, жылдамдық режимін сақтау, автокөлік кортеждеріне қатысты талаптар және жол қозғалысын автоматты бақылау жүйелерінің жұмысы қамтылды.
Кезекті шығарылымның спикері – Қызылорда облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Манатов Мұратбек Мейрамбекұлы.
Сұхбат барысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында полиция тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің міндеттері, сондай-ақ жол ережелерін бұзған жағдайда көзделетін жауапкершілік туралы айтылды. Сонымен қатар жол қозғалысына қатысты көпшілікті қызықтыратын бірқатар сұрақтарға маман жауап берді.
«Заң сөйлейді» подкасты алдағы уақытта да заң мен тәртіпке қатысты қоғам үшін маңызды тақырыптарды қамтып, сала мамандарымен мазмұнды сұхбаттарды ұсынады.