Қызылордалық дзюдошылар жеңімпаз атанды
Жалағашта ауыл шаруашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Мөрәлі Шәменовты еске алуға арналған дзюдодан 2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Дүбірлі бәсекеге Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 300-ге жуық татами шеберлері 9 салмақ дәрежесінде жүлделерді сарапқа салды.
Жарыс нәтижесінде Сыр дзюдошылары 6 алтын, 7 күміс, 12 қола медаль, барлығы 25 медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 1-орынды жеңіп алды.
Жарыс нәтижесінде Сыр дзюдошылары 6 алтын, 7 күміс, 12 қола медаль, барлығы 25 медаль еншілеп, жалпы командалық есепте 1-орынды жеңіп алды.