Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Тезірек жекпе-жекке шыққым келеді": МакГрегор Нұрмагомедовпен қайта сайысқа түскісі келетіндігін жеткізді

"Тезірек жекпе-жекке шыққым келеді": МакГрегор Нұрмагомедовпен қайта сайысқа түскісі келетіндігін жеткізді

Конор МакГрегор ресейлік Хабиб Нұрмагомедовпен қайтадан жекпе-жекке шықпақшы, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, ирландиялық спортшы жекпе-жекті болуын ұзаққа созғысы келмейді. 
"МакГрегор Серронені жығып, Хабиб Нұрмагомедовпен тезірек сайысқа түскісі келетіндігі жеткізді", - деді Уайт. 
18 қаңтар күні МакГрегор Дональд Серронемен орта салмақтағы жекпе-жекке шығатын болады. Олар АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында жұдырықтасады. Ал өз кезегінде Нұрмагомедов көктемде Тони Фергюсонмен күш сынасады. 
Естеріңізге сала кетейік, 2018 жылдың қазан айында МакГрегор Нұрмагомедовтен жеңілген еді. 
06 желтоқсан 2019 ж. 870 0