Конор Макгрегор спорттан кетті

«Жылдам хабарландыру: Мен аралас жекпе-жек өнерінен кетуді шештім. Мен барлық әріптестеріме жарыстарда сәттілік тілеймін. Қазір бұрынғы достарымның қатарына зейнеткер ретінде қосыламын. Менен сендерге пина колада, балалар!” деп жазды Макгрегор.
Өткен жылдың қазан айында әйгілі ресейлік спортшы Хабиб Нурмагамедов пен Конор Макгрегордың арасындағы жекпе-жек бүкіл әлем назарын өздеріне аударған болатын. Макгрегор уақытынан бұрын естен танып қалып, Хабиб әлем чемпионы атағын қорғап қалған.
Жекпе-жектің аяғы Конор мен Хабибтің командалары арасындағы төбелеспен жалғасып, соңы екі спортшының да жазалануымен аяқталған болатын.