Қуат Хамитов әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізеді

Аралас жекпе-жекте ел намысын қорғайтын Қуат «Найман» Хамитов кезекті жекпе-жегін 26 сәуір күні Fight Nights Global тұжырымының кезекті турнирінде өткізеді. Отандасымыз Fight Nights Global тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін әзірбайжандық Нариман Аббасовпен (23-3-0) жекпе-жек өткізеді.
Мәскеу қаласында өтетін жекпе-жек кешінде қос спортшы жеңіл салмақта (70 келі) сынға түседі.
Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов (18-6-1) соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 80 турнирінде UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі болған Питер Куиллимен жұдырықтасқан болатын.
qsport.kz
Айта кетейік, Қуат «Найман» Хамитов (18-6-1) соңғы жекпе-жегін Fight Nights Global 80 турнирінде UFC жұлдызы Конор МакГрегордың спарринг-серіктесі болған Питер Куиллимен жұдырықтасқан болатын.