DAZN Альварес пен Головкин трилогиясына қол жеткізу амалын тапты

Мұның алдында Альварес келесі жекпе-жегін жапониялық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) өткізетіні белгілі болған.
Мэнникстің сөзінше, DAZN "Канело" мен Головкин трилогиясы үшін мексикалыққа осындай жеңілдік жасады.
"DAZN сервисінің Жапонияда "Канело" - Мурата жекпе-жегін өткізуге келісуі - Альварес пен Головкин трилогиясына қол жеткізу амалы. DAZN бұл кездесуді күтіп отыр. Сондықтан "Канелоға" керегін берсе, ол да DAZN-ге керегін береді.
"Канело" - GGG жекпе-жегі "қыркүйекте өтеді, әйтпесе мүлде болмайды" жағдайында. Головкин келесі кездесуінде өзін тамаша көрсетуі қажет. Егер "Канело" онымен күзде жұдырықтаспаса, онда жекпе-жек ешқашан өтпейтін шығар", - деп жазған Мэнникс.