Арман Оспановтан нокаутпен жеңілген Расул Мирзаев ауруханаға түсті

Алматыда өткен АСА 105 турнирінің басты жекпе-жектерінің бірінде Арман «Сұңқар» Оспановтан нокаутпен жеңілген Расул Мирзаевтың жағы екі жерден сынып, ауруханаға түсті. Арман Оспанов бірінші раундтың орта тұсында арсыласын жойқын нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтаған болатын.
Сондай-ақ, бұл кеште Артем Резников, Асылжан Бақытжанұлы, Евгений Егембердиев және Нұрсұлтан Қасымханов жеңіске жетті.