Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» финалға жолдама алды
UEFA Чемпиондар лигасы 2020/2021 жылғы кезеңінің финалына шыққан алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.
Бүгін жартылай финалда Францияның «Пари Сен-Жермен» және Германияның «Лейпциг» командалары кездесті. Құрамына көптеген тәжірибелі футболшыларды жинақтаған «Пари Сен-Жермен» бұл жолы да сыр берген жоқ.
Ойынның бірінші кезеңінде француз футболшылары қарсыластар қақпасына екі гол соғып кетті. Олардың қатарынан 13-минутта Маркиньос есеп ашса, 42-минутта Анхель Ди Мария есепті үстемелей түсті.
Екінші кезеңде «Лейпциг» гол соғатын бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберді. Есесіне 56-минутта «Пари Сен-Жермен» сапынан Хуан Бернат қарсыластар қақпасын дәл көздеді.
Енді 19 тамызда жартылай финалда Германияның «Бавария» және Францияның «Лион» командалары кездеседі.
Айта кетер болсақ, Чемпиондар лигасының ширек финалынан бастап қалған бөлігі Португалия астанасы - Лиссабон қаласында өтіп жатыр. Ол сегіздік финалы форматында ойналуда. Финал 23 тамызда өткізіледі.