Головкин Қазақстандағы ең беделді еркектер тізімінде екінші орынға жайғасты

Осы орайда Hommes порталы еліміздегі ғаламтордағы ең беделді тұлғалардың тізімін жасапты. Бұл рейтингті жасау үшін портал өз телеграммындағы 16 000 мың оқырманынан сауалнама алған.
Ерлер арасындағы ең беделді деген тізімнің көшін Қазақстанның Президенті бастап тұр. Екінші сатыда орта салмақта өнер көрсететін кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин.
Одан кейін Вадим Борейко, Димаш Құдайберген, Марғұлан Сейсембаев, Айдын Рахымбаев, Скриптонит, Бейбіт Әлібеков, Досым Сәтпаев, Нұртас Адамбай, Қайрат Құдайберген, Әлішер Елікбаев, Джохар Өтебеков, Нұрлан Сабуров және Айсұлтан Сейіктов орналасқан.
Айта кетейік, Головкин (40-1-1, 35 КО) 2019 жылдың қазанан бері шаршы алаңға шыққан жоқ. Соңғы рет ол украиналық Сергей Деревянченкомен кездесіп, жеңіске жеткен болатын.