Головкин жекпе-жегінен кейін алғаш рет ел алдына шықты (фото)

Аталмыш фотоны Instagram желісінде Әли Ахмедов жариялаған. Бұл Головкиннің соңғы жекпе-жегінен кейін алғаш ел алдына шыққан сәті. Жас боксшы жүктеген жазбаға сәйкес, үш қазақстандықтың кездесуі Нью-Йорк қаласында өткен.
Айта кетейік, алтыншы қазан күні Madison Square Garden алаңында Деревянченкомен өткен жұдырықтасу төрешілердің шешімімен GGG жеңісімен аяқталған. Жекпе-жектен кейін екі боксшы да ауруханаға жеткізілді.
Деревянченко оң көзінің жарақатын емдесе, Головкин профилактикалық МРТ тексерісінен өтті.
Ахмедов жариялаған суретте Геннадий көзілдірік киіп алған. Алайда, оның бетінен көгерген іздер көрінбейді.