Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

Елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін Финляндияның «Йокерит» командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі
Кездесу елорда уақытымен сағат 19.20-да басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған дейін 11 мәрте кездесті. Оның 7-еуі «Барыстың» жеңісімен аяқталса, қалғанында финляндиялық клубтың мерейі үстем болды. Командалар соңғы рет 2020 жылдың 21 қаңтарында кездесті. Финляндия астанасы - Хельсинки қаласында өткен ойында елордалық клуб 5:1 есебімен жеңіске жетті. «Йокерит» биыл 14 ойында 19 ұпай жинап, турнир кестесінде 11 орында келеді. Ал «Барыс» 12 ойыннан кейін 15 ұпаймен 17 орында тұр. Айта кетерлігі, «Барыс» соңғы ойында «Ак Барсты» алты жылдан кейін жеңді.
Inform.kz

14 қазан 2020 ж. 377 0