Әлемнің үздік футболшысы атағына кім лайық
ФИФА жылдың үздік футболшысына тиесілі The Best сыйлығына үміткерлер тізімін жариялады, деп хабарлады Prosports.kz. Үздіктер тізімі мынадай: Тиаго Алькантара («Бавария»/«Ливерпуль»), Криштиану Роналду («Ювентус»), Кевин Де Брюйне («Манчестер Сити»), Роберт Левандовски («Бавария»), Садио Мане, Мохамед Салах, Вирджил ван Дейк (бәрі «Ливерпуль» ойыншылары), Килиан Мбаппе, Неймар (екеуі де ПСЖ), Лионель Месси («Барселона»), Серхио Рамос («Реал»). Үздік қақпашы атағына үміткерлер: Алиссон («Ливерпуль»), Тибо Куртуа («Реал»), Кейлор Навас (ПСЖ), Мануэль Нойер («Бавария»), Ян Облак («Атлетико»), Марк-Андре тер Штеген («Барселона»). The Best 2020 марапаттау рәсімі 17 желтоқсанда онлайн режимде өтеді. 2019 жылы Лионель Месси аталған марапатқа ие болған еді. Осы категория бойынша: « Оқушылардың 42% үшін бұқаралық спорт қолжетімді болмақ Марадона – допқа, доп Марадонаға еш кедергі келтірмейді... »
24.kz