Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин мен мексикалық нокаутер арасындағы жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды

Головкин мен мексикалық нокаутер арасындағы жекпе-жектің өтетін күні белгілі болды

Бүгін қазақстандық боксшы Генадий Головкин (41-1-1, 36 КО) мен мексикалық Хайме Мунгия (36-0, 29 KO) арасындағы келіссөздердің басталғаны туралы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Мунгияның промоутері Фернандо Белтранның мәліметінше, оның клиентінің GGG-мен жекпе-жегі 2021 жылдың мамыр айында өтуі керек. Сонымен қатар, Белтран тараптар арасындағы келіссөздер оң нәтиже береді деп мәлімдейді.
Еске сала кетейік, Головкин Мунгиямен екі жыл бұрын жұдырықтасуы мүмкін еді. Бірақ ол кезде комиссия оны әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге тәжірибесі жеткіліксіз деп санап, мексикалықтың кандидатурасын «жарамсыз деп таныды».
inform.kz/kz
31 желтоқсан 2020 ж. 475 0