Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин Альвареспен үшінші жекпе-жек үшін келіссөздер қашан басталатынын айтты

Головкин Альвареспен үшінші жекпе-жек үшін келіссөздер қашан басталатынын айтты

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) TMZ.com тілшісіне берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) болатын үшінші жекпе-жекке байланысты сұрақтарға жауап берді,  Головкин Альвареспен үшінші жекпе-жек үшін келіссөздер Роллспен болатын жекпе-жектен кейін басталатынын мәлімдеді. Ол журналисттің "Үшінші жекпе-жектің болғанын қалайсың ба?" деген сұрағына "Барлығы қалайды" деп жауап берген.  Еске салсақ, қазақстандық спортшы Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Альвареспен екі рет жұдырықтасқан: 2017 жылдың қыркүйегінде олардың алғашқы жекпе-жегі тең нәтижемен, ал бір жылдан соң мексикалықтың жеңісімен аяқталды. Осылайша, қазақстандық карьерасындағы алғашқы жеңіліске ұшырады және WBC, WBA (Super) және IBO титулдарынан айырылды.
https://kaz.tengrinews.kz
01 маусым 2019 ж. 640 0