Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанды

Дүбірлі бәсекеге Байқоңыр, Қызылорда қалалары мен аудандардан 9 команда 200-ге жуық балуан қатысты.
Түйе палуан сайысына 13 спортшы қатысты. Олардың арасында аралдық Нұрым Сәлімгереев «Сыр Барысы» атанып, «Алтын белбеу» белдігі мен 500 мың теңгенің сертификаты табысталды.
«Сыр Арланы» – Қызылорда қаласының спортшылары Мақсат Исағабыловқа 300 мың теңгенің, «Сыр Сұңқары» – Ержан Аблуллаевқа 200 мың теңгенің сертификаты берілді.
Үстіміздегі жылдың 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне Қызылорда облысынан Н.Сəлімгереев пен М. Исағабылов облыс намысын қорғайтын болады.
Сондай-ақ, үш жас ерекшелігі бойынша 2004-2005 ж.т. жасөспірімдер, 2002-2003 ж.т. жастар және ересектер арасында спортшылар 26 салмақ дәрежесінде шеберлік байқасты.
