Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сауль Альварестің бапкері қазақстандық боксшыны жаттықтырады

Сауль Альварестің бапкері қазақстандық боксшыны жаттықтырады

Қазақстандық боксшы Иван Дычко Сан-Диегода өткізіліп жатқан спаррингке қатысуда. Онымен бірге Сауль Альварес те жаттығады, деп хабарлайды Egemen.kz Vesti порталына сілтеме жасап.

Сауль Альварестің жаттықтырушысы Эдди Рейносо қазақстандық боксшы Иван Дычконы Сан-Диегодағы жаттығуға шақырды. 11 қыркүйекте қазақстандық боксшының жекпе-жегі жоспарланған, бірақ қарсыластың аты әлі белгісіз.
«Эдди Рейносо бізбен сөйлескісі келеді. Ол 2019 жылдан бері Иванды жаттықтыруға ниетін білдірген. Осы арада, мен онымен келіссөздер жүргіздім», деді Иван Дычконың менеджері Зия Әлиев.
Бұған дейін мексикалық Сауль Альварестің өзі Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан болатын.

26 тамыз 2021 ж. 827 0