Мәскеуде өткен Әлем кубогінде қызылордалық студенттер чемпион атанды

«Әрине жеңіске жету оңайға түспеді. Бұл қаншама еңбектің, төккен тердің нәтижесі. Дегенмен бізге мұнымен тоқтауға болмайды. Алдымызда үлкен жоспарлар тұр. Соған жету үшін жаттығуымызды тоқтатпай, әрі қарай дайындалатын боламыз. Бұл жеңісімізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнаймыз»,-деді Дамир Камал.
Айта кетейік, университетте Әлем чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері – 9, Азия чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегерлері – 27 және 120 Қазақстан чемпионатының жеңімпазы мен жүлдегері бар. Спортшыларымыз Қазақстан Республикасының намысын қорғап, ұлттық құрама команда сапасында жаттығады.

syrboyi.kz