Әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар бес медаль жеңіп алды

Елге «алтынды» Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі), «күмісті – Махмұд Сабырхан (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі), «қоланы» Абылайхан Жүсіпов (67 келі) әкелді.
Медальдардан бөлек, 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары AIBA-дан ауқымды ақшалай сыйақы алды: алтын үшін 100 000 доллар, күміс үшін 50 000 доллар және қола үшін 25 000 доллар.
Сондай-ақ медаль алған қазақстандық боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы: «алтынға» 70 000 доллар, «күміске» 50 000 доллар, «қолаға» 30 000 доллар табыс етті. Осылайша, 2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері қатарына енген қазақстандық бес боксшы 595 000 доллар табыс тапты.
kyzylorda-news.kz