Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен кетеді
Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы Азамат Айтқожин желтоқсан айында қызметінен кетуі мүмкін. Бұл туралы инсайдер Айдын Қожахмет мәлімдеді.
Бұл туралы exclusive.kz хабарлайды. Тәжікстанмен ойын біткен соң футболшылар киінетін бөлмеге екі адам кірді. Олар: елдің вице-премьері Ералы Тоғжанов пен ҚФФ бас хатшысы Азамат Айтхожин. Тоғжановтың федерацияға қандай қатысы бар екені және оның ойыншыларға неге барғаны белгісіз, ал Айтхожин футболшыларға жеңісі үшін алғысын білдіріп, содан кейін өз қызметінен кететінін хабарлады.
Дереккөздің жазуынша, оның отставкаға кетуі ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековпен әлі келісілмеген.
Бұл ретте "Қазақмыс" басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Әділ Барменқұловты қызметке шақырады. Ол соңғы жарты жылда Федерацияның атқару комитетіне кірді, сондай-ақ, қарағандылық "Шахтер" командасына жетекшілік етеді.
Еске салайық, Қазақстан жолдастық ойында Тәжікстанды 1:0 есебімен жеңді, ал бұған дейін Франциядан ірі есеппен жеңілген еді (0:8). Талғат Байсуфиновтың шәкірттері іріктеуді D тобында соңғы орында аяқтады.
Жақында Қазақстан футбол федерациясы мемлекеттік қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.