Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » GGG: Боксшы туралы қызықты деректер

GGG: Боксшы туралы қызықты деректер

8 сәуір күні Геннадий Головкин 40 жасқа толды. Қазақстанның ең табысты боксшысы туралы қызықты деректерге тоқталсақ.
Геннадий Головкин бала кезінде футболды жақсы ойнаған. Футбол – оның бокстан кейінгі екінші сүйікті спорт түрі.
Боксқа деген сүйіспеншілікті жас Генаның бойына ағалары сіңірген. Бірақ Вадим және Сергей 1990 және 1994 жылдары әскерде қызмет ету кезінде қайтыс болған. Олардың қандай жағдайда қайтыс болғаны белгісіз.
Головкиннің егізі бар. Аты – Максим. 
Бала кезінде Геннадийдің Грей атты сүйікті иті болған.
Аргентиналық Хорхе Ариэль Гарсия – Головкиннен жеңілгеннен кейін ұзақ уақыт бойы қалпына келген спортшы. 2006 жылдың қазан айында ол қазақстандықтан нокаутпен ұтылған. Гарсия рингке бес жылдан кейін ғана шықты, яғни 2011 жылдың қарашасында. Осы жылдар бойы аргентиналық денсаулығына байланысты бокс лицензиясын алуда қиындықтарға тап болды.
2014 жылы Головкин Бродвейде түсірілген «Рокки» мюзиклінде рөл ойнады. Сонымен қатар спортшының коммерциялық түсірілімде тәжірибесі бар.
2014 жылы боксшы өзінің «GGG» брендін патенттеді.
GGG-дің ең ұзақ жекпе-жегі Дэниэл Джейкобспен өтті. Қазақстандық алғаш рет рингте 12 раунд өткізді, бұған дейін Головкин 2015 жылы Мартин Мюррейге қарсы жекпе-жекте ең ұзақ жекпе-жек өткізген болатын.
Головкин аптасына кемінде үш рет жаттығады. Оның алғашқы жаттығуы таңғы жетіде басталады.
Геннадийдің әйелі Алина Головкинаның екі жоғары білімі бар, оның біреуін Германияда алған, сондай-ақ екі шет тілін меңгерген. Мансабында ол отбасын таңдады. Геннадий мен Алина 2007 жылдың 7 маусымында  үйленген.
kyzylorda-news.kz
10 сәуір 2022 ж. 2 228 0