Олег Тактаров Геннадий Головкин туралы пікір білдірді

Оның айтуынша, қазақстандық боксшы - аңыз адам және ол атақты боксшылардан әлдеқайда биік тұр.
"Геннадий Головкин - бокс аңызы. Ол бізде кезінде болған Костя Цзю сияқты. Атақты боксшылардың тобы бар, бірақ Головкин бұл топтың биігінде тұр. Ол - аңыз жігіт. Маған оның бокс стилі қатты ұнайды", - деп келтірді Tofight.ru Тактаровтың сөзін.Еске салайық, Головкин соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізді. Ол украиналық боксшы Сергей Деревянченкомен кездескен болатын және сол кезде төрешілер даусын бірауыздан Головкинге берген еді.