Головкин әлем чемпионы атағынан айырылып қалды

22 мамырда Спрингфилде (АҚШ, Нью-Джерси штаты) Головкин мен IBF қатарындағы оның міндетті қарсыласы украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО), сонымен қатар олардың командалары қатысқан отырыс өтті. IBF комиссиясы екі тарапты тыңдады ла, бүгін Головкинді IBF белбеуінен айыру туралы шешім шығарды. Себебі ол 3 тамызға дейін Деревянченкомен жекпе-жекке шығудан бас тартқан.
Айта кетсек, Головкин мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) реваншқа түсуді жоспарлады. Бірақ ауқымды қаржылық түсініспеушіліктерге байланысты келіссөзге қол қойылмады. Сонымен қатар, WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) жекпе-жек өткізу ықтимал болған.