WBA Головкинге супер чемпион атағын берді

Головкин бұл мәртебені ұйымның сәуір айындағы жаңартылған рейтингінде алды. Өткен айда қазақстандық WBA Super және IBF титулдары үшін біріккен жекпе-жекте жапониялық Риота Муратаны нокаутқа түсірген болатын. Олардың жекпе-жегі 9 сәуірде Сайтамада (Жапония) өтті.
Айта кетейік, орта салмақтағы әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара. Рейтингте британдық кіші Крис Юбенк көш бастап тұр, мексикалық Хайме Мунгия екінші, аргентиналық Серхио Мартинес үшінші орында.
Отандасымыз Жәнібек Әлімханұлы жетінші орында тұр.
massaget.kz