Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандық оқушылар 28 алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық оқушылар 28 алтын медаль жеңіп алды

Бүгін Нормандияда жарыстың соңғы күні өтеді

Қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадада 72 медаль жеңіп алды. Бүгін соңғы жарыстар өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, оқушыларымыз таеквондо, жүзу, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, семсерлесу, көркем гимнастика, спорттық гимнастика, садақ ату, бокс және әйелдер күресінен өткен жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды.

"Командамыз Дүниежүзілік гимназиадада 72 медаль жеңіп үлгерді. Оның 28-і алтын, тағы 28-і күміс және 16-сы қола. Бүгін Нормандияда жарыстың соңғы күні өтеді. Командаға күш-жігер, қайрат және жаңа жеңістер тілеймін. Біз сендерді мақтан тұтамыз! ", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, қазақстандық оқушылар Дүниежүзілік гимназиадаға алғаш рет қатысып отыр. Оған 234 оқушымыз аттанды. Жалпы, биылғы гимназиадаға 70 елінен 3,5 мыңнан астам оқушы келді.

Барлығы спорттың 18 түрі - бадминтон, 3х3 баскетбол, бокс, еркін күрес, әйелдер күресі, грек-рим күресі, дзюдо, жеңіл атлетика, үстел теннисі, спорттық бағдарлау, жүзу, жағажай волейболы, регби, спорттық гимнастика, садақ ату, таеквондо,семсерлесу мен көркем гимнастикадан бақ сынады.

kaz.caravan.kz
22 мамыр 2022 ж. 1 585 0