Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жектің жалғыз шартын жариялады

«Канело» Головкинмен үшінші жекпе-жектің жалғыз шартын жариялады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Эдди Хирн Сауль «Канело» Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен мүмкіндігінше тезірек реванш өткізуге дайын екенін мәлім етті. Мексикалық боксшы осы айдың басында Биволдан жеңіліп қалған еді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұдан бұрын мексикалық боксшы биылғы қыркүйекте Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізуді жоспарлаған. Бірақ ресейлік боксшыдан күтпеген жеңіліс бұл жоспарға өзгеріс енгізді. Алайда, Хирн Канело мен GGG арасындағы күзгі кездесу әлі де өтуі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
«Кеше Канеломен сөйлестім. Дүйсенбі күні онымен әрі қарай не істейтінімізді талқылаймыз. Біз оның қыркүйек айында орта салмақта «абсолютті чемпион» атағы үшін GGG-мен жұдырықтасу жоспары бар екенін білеміз. Бұл жекпе-жекті өткізуіміз керек, бірақ «Канело» Дмитрий Биволмен қарымта кездесуін күтуде. Ол Биволмен жұдырықтасқаннан кейін ғана GGG-мен кездеседі деп ойлаймын. Оны ұйымдастырудың жалғыз мүмкіндігі осы ғана шығар. Сонымен, дүйсенбі күні «Канеломен» сөйлесіп, бір аптадан кейін шешім қабылдаймыз. «Канело» Дмитриймен реванш шартын әлі нақтылаған жоқ. Біз алдағы апта және демалыс күндері барлығын талқылаймыз», – деді Хирн Talksport -қа берген сұхбатында.

kyzylorda-news.kz​​​


23 мамыр 2022 ж. 1 302 0