Головкин мен Канело арасындағы үшінші жекпе-жек қайда өтетіні белгілі болды

Екі боксшы арасындағы жекпе-жек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтетін болды.
Айта кетсек, Головкин мен Альварестің алдыңғы екі жекпе-жегі де дәл осы жерде өткен болатын. Ол кездесулердің біріншісі тең нәтижемен аяқталса, екіншісінде төрешілердің шешімімен "Канелоның" бағы жанған.
Қазақстандық GGG мен мексикалық шаршы алаң шебері "Канело" арасындағы үшінші жекпе-жектің болатыны туралы Сауль Альварес 23 мамырда ресми хабарланған еді. Келесі күні бұл ақпаратты Геннадий Головкиннің өзі растады.
Атышулы "трилогия" осы жылдың 17 қыркүйегінде өтпек.