Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина Miami Open турнирінің финалына шықты

Елена Рыбакина Miami Open турнирінің финалына шықты

Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде (АҚШ) өтіп жатқан Miami Open турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Елена Рыбакина әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегуламен ойнады.
Қазақстандық теннисші 7:6 (7:3), 6:4 есебімен жеңіске жетті.
Матч 1 сағат 52 минутқа созылды. Айта кетейік, матч жаңбырға байланысты екі рет тоқтатылды.

tengrinews.kz
02 сәуір 2023 ж. 603 0