«Ақжайық» ойыншылары чемпионат матчына қатысудан бас тартты

«Ақжайық» футбол клубының директоры Манарбек Ержанов әлі күнге дейін қаржы бөлінбегендіктен, ойыншылардың осындай қадамға барғандығын айтты.
Футболшылар облыс әкімдігіне барып, бес-алты ай бойы жалақы алмағандықтан, қиын жағдайда қалғандығын жеткізді.
БҚО әкімінің жақында тағайындалған орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев мәселені зерттеу үшін өзіне уақыт керектігін білдірді.
«Ақжайық» турнир кестесінде небәрі 6 ұпаймен 15-орында келеді.
inform.kz