Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақ балуандары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қорытындылады

Қазақ балуандары V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қорытындылады

Елордадағы Қазмедиа орталығында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы қазақ күресі бойынша қорытынды баспасөз конференциясы өтті.

Конференцияға Италия Ассоциацияланған стильдер федерациясының президенті Джорджио Витторио, Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов, Қазақстанның қазақ күресі ұлттық құрамасының бас бапкері Ғани Келдіқұлов және 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жеңімпазы Мейіржан Берекетов қатысты. Кездесу барысында түрлі жарыстың нәтижелері талқыланып, қазақстандық спортшылардың жетістіктері аталып өтті.

«Қазақстандық балуандар V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 15 медаль жеңіп алды. Оның 12-сі алтын, 1-еуі күміс және 2-еуі қола. Бұл жетістік қазақстандық балуандардың әлемдік аренадағы абыройын, мерейін асқақтата түседі», - деді Қазақ күресінен ұлттық құраманың бас бапкері Ғани Келдіқұлов.

Айта кетейік, қазақ күресі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы қатысушы ең көп тіркелген спорт түрі атанды. Екі күнге созылған жарысқа 41 елден келген 274 спортшы қатысып, 16 салмақ дәрежесінде медальдар жиынтығын сарапқа салды. Жарыс Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өтті.

Ақпарат көзі: kaz.inform.kz
Сурет: kaz.zakon.kz
12 қыркүйек 2024 ж. 191 0