Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 1-орын алды

Бокстан әлем чемпионаты: Қазақстан жалпыкомандалық есепте 1-орын алды

Черногорияның Будва қаласында бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын иеленді. Бұл турнирде Қазақстан он жеті медаль жеңіп алды: алты алтын, бір күміс және он қола. 
Ерлер құрамасынан Бексұлтан Боранбек (51 кг), Төрехан Сабырхан (67 кг), Өнер Сейілхан (71 кг) және Санжарәлі Бегалиев әлем чемпионы атанса, қыздар құрамасынан Елянур Тұрғанова (50 кг) мен Аружан Зейноллаева (81 кг) алтын медаль алды. 
Сонымен қатар, Ұлдана Таубай (66 келі) жарыстың күміс жүлдегері атанып отыр.
Сонымен қатар Қазақстан қоржынында 10 қола медаль бар: Диас Берікбай (48 келі), Жансері Көшербаев (57 келі), Расул Асанханов (92 келі), Аслан Елдібайулы (92 келіден жоғары), Әнел Әбдрасылова (48 кг), Бағжан Отынбай (52 келі), Толғанай Касымхан (60 келі), Аружан Жаңабаева (63 келі), Шұғыла Нәлібай (75 келі) және Панар Сейітханкызы (81 келіден жоғары) үздік үштікті түйіндеді.
Жалпы есепте Өзбекстан құрамасы екінші орын алды (бес алтын), Ресей командасы үшінші орынға ие болды. Оларда да бес алтын медаль бар.

04 қараша 2024 ж. 271 0