Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Геннадий Головкин Сауд Арабиясында маңызды кездесулер өткізді

Геннадий Головкин Сауд Арабиясында маңызды кездесулер өткізді

Еліміздің Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) президенті, World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы Геннадий Головкин Сауд Арабиясына сапары барысында бірқатар маңызды кездесулер өткізді.

Эр-Риядтағы кездесуде Сауд Арабиясы ҰОК бас хатшысының кеңсе директоры Нассер Мунир, сол мемлекеттің Бокс федерациясының президенті Абдулла Аларби, World Boxing ұйымының бас хатшысының міндетін атқарушы Майк Макатти және Қазақстан ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев бос қосты.

Сауд Арабиясының Бокс федерациясы World Boxing ұйымына қосылғанын растады. Кездесу барысында тараптар олимпиадалық бокстың болашағын, оның ішінде 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпия ойындарындағы мәртебесін, сондай-ақ, бұл спорт түрін қолдаудағы Сауд Арабиясының рөлін талқылады.

Сонымен қатар жақында бокстың Бахрейн-2025 жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына енгізілуі де негізгі тақырыптардың бірі болды. Геннадий Головкиннің бұл бастамасы аймақтық деңгейде және Asian Boxing конфедерациясында кеңінен қолдау тапты. Бұдан бөлек, боксты Ислам ынтымақтастығы ойындарының бағдарламасына қосу мүмкіндігі қарастырылды.

Ақпарат көзі: egemen.kz
Фото: egemen.kz
17 наурыз 2025 ж. 40 0