Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Деревянченко мен Головкин "Канелоның" титулы үшін жұдырықтасуға дайын

Деревянченко мен Головкин "Канелоның" титулы үшін жұдырықтасуға дайын

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварес пен оның міндетті үміткері Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекке қатысты промоутерлік сауда-саттықты бастады. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде жазылған,Деревянченконың адвокаты Алекс Домброфф IBF-ге Альварестің командасымен келіссөзді жалғастырғысы келмейтінін айтқан. Енді IBF ережесі бойынша промоутерлік сауда-саттық өтуі керек - ол 23 шілдеде ұйымның Спрингфилдтегі (Нью-Джерси штаты, АҚШ) штаб-пәтерінде болады. Айта кетейік, IBF титулын Альварес 4 мамырда Лас-Вегаста иеленген еді. Ол бұл белбеуді америкалық Дэниэл Джейкобстан жеңіп алған болатын. Содан бері мексикалық боксшы рингке шыққан жоқ. Келесі жекпе-жегі қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр.  Бұған дейін Альварес промоутерлік сауда-саттықтан бас тартса, IBF одан белбеуін тартып алатыны хабарланған еді. Ал бос қалған титул үшін Деревянченко ең жақын үміткер қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасады.  2015-2018 жылдар арасында Головкинде IBF титулы болған, бірақ былтыр қыркүйекте Альвареспен жұдырықтасу үшін Деревянченкомен жекпе-жек өткізуден бас тартып, белбеуінен айырылған еді.
10 шілде 2019 ж. 755 0