Бокстан әлем чемпионаты: Бекзат Нұрдәулетов жарысты сәтті бастады
Ресейдің Екатеринбург қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық боксшылардың ішінен бірінші болып Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңға көтерілді.
81 келіде жұдырықтасқан Бекзат Нұрдәулетов Оңтүстік Корея құрамасының өкілі Инжи Хонға қарсылас атанған. Бірінші раундтан басымдық танытқан қазақстандық боксшының қарсыласына қарағанда соққылары дөп тиді. Соңғы раундта Безат Нұрдәулетовтің бірнеше дәл соққысынан кейін кәріс боксшысы нокдаунға түсті. Үш раундтың нәтижесі бойынша төрешілер жеңісті қазақстандық боксшыға берді.
Безат Нұрдәулетов 1998 жылы Ақтау қаласында өмірге келген. 2016 жылы Ресейде өткен жастар арасындағы әлем чемпонатының қола жүлдегері атанды. Шілде айында өткен Қазақстан Президентінің Кубогында финалда Ерік Әлжановқа есе жіберіп, күміс жүлдені алды.
Қазақстандық боксшылардың қарсыластары:
52 келіге дейін: Сәкен Бибосынов — Харху Энхимандах (Моңғолия) 57 келіге дейін:
Қайрат Ералиев — Шарафа Раман (Германия)\ Йоэль Сегундо Финоль Ривас (Венесуэла) жұбының жеңімпазы 63 келіге дейін:
Закир Сафиуллин — Бахтияр Газибеков (Әзірбайжан) 69 келіге дейін:
Абылайхан Жүсіпов — Вуттичай Масук (Тайланд)\ Долголевец Евгений (Беларусь) жұбының жеңімпазы 75 келіге дейін:
Тұрсынбай Құлахмет — Милос Бартл (Чехия)\ Михаил Остроумов (Израиль) жұбының жеңімпазы 91 келіге дейін:
Василий Левит- Сандагсурен Ергембаяр (Моңғолия)\Дэвид Мишалек (Словакия) жұбының жеңімпазы +91 келіге дейін:
Қамшыбек Қоңқабаев — Гадфа Дрисси (Испания)\Белберов Петар Руменов (Болгария) жұбының жеңімпазымен шығады
Айта кетейік, бүгін 75 және 91 кило салмақта алғашқы жекпе-жектер болады.
https://massaget.kz/layfstayl/sport/zhanalyktar/58626/