Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы қалай берілді

«Егемен Қазақстан» газетінде бас редактордың орынбасары қызметін атқарып жүрген ол 1999 жылдың 1 қаңтарында Рақымжан Қошқарбаевқа «Халық қаһарманы» атағы берілу керектігі туралы «Халық ала алмаған қамал» атты мақала жазады.
Журналисттің көтерген мәселесі ел қалауының үдесінен шығып, қоғамдық пікір туғызады. Әр өңірден ел азаматтары қолдау хатын жазып, оны газет тұрақты түрде жариялап отырды.
Сонымен Жанболат Аупбаевтың ұсынысы мен халықтың қалауының нәтижесінде Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1999 жылы 7 мамырда Рақымжан Қошқарбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді.
Осы уақыт аралығында Жанболат Аупбаев «Ел таныды өзінің хас батырын» атты сүйінші мақала жазып, одан соң бұл тақырыпты әріптесі Нұрхан Мыңбай екеуі бірігіп «Халық алған қамал» деген мақаламен түйіндеді.
Сурет: egemen.kz