Бағила өз биігінде

Олимпиаданың негізгі мақсаттары оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды оқушылар арасында ғылым мен білімді кеңінен тарату. Облыстық олимпиадаға барлығы 36 оқушы қатысты. Осы олимпиадаға №19 орта мектебнің 7 б сынып оқушысы Қуанышова Бағила Қайратқызы қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді. Қатысушыларға арнайы "Арасат Фейзулдаев" төс белгісі табыс етілді.
Жеңімпаздарды Арасат ағаның жары Запира Рахманбердиева мен ұлы марапаттады. Облысымыздың әр ауданынан, қала мектептерінен жиналған дарынды оқушылар бас қосқан жүйріктер сайысында озып шыққан мектебіміздің оқу озаты Бағилаға және пән мұғалімі Жанзақова Рахия апайына жетістіктерің жалғасын тапсын демекпіз.
Арал аудандық білім бөлімі