Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық салықшылар тұрғындардың ең жиі қоятын 20 сұрағына жауап берді

Қызылордалық салықшылар тұрғындардың ең жиі қоятын 20 сұрағына жауап берді

Kyzylorda-news.kz. Салық төлеушілер (жеке тұлғалар) мүлікке, жер және көлік салықтарын төлеуге қатысты сұрақтарды жиі қояды. Ел азаматтары сан түрлі өмірлік жағдайда кездесетін, онда өздерінің салық міндеттемелерін қалай дұрыс орындау керектігін көбіне біле бермейді. Осыған орай Қызылорда облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі тұрғындар тарапынан ең жиі қойылатын 20 сұраққа жауап берді.

1. Жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер салығы және көлік құралдарына салығының төлеу мерзімдері қандай?
Жеке тұлғалар бюджетке:- жер салығы мен мүлік салығын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанынан кешіктірмей;
- көлік салығын есепті жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей төлейді.

2. Салықты уақытылы төлемегені үшін айыппұл санкциялары болады ма? 
Қолданыстағы Қазақстан Республикасының Салық кодексінде салық міндеттемесін орындаудың мерзімі өткен әрбір күн үшін бересі сомасына өсімпұл сомасын есептеуді қоспағанда, айыппұл санкциялары белгіленбеген.
3. Көлік салығын қалай төлеу керек?
Жекетұлғалар салық төлеуді тұрғылықты (тіркелген)жері бойынша жүргізеді.
4. Егер салық төлеуші тұрғылықты тіркелген жерін ауыстырып, Шығыс Қазақстан облысына көшсе, ал көлік бұрынғысынша Алматы облысында тіркелген болса, онда жеке тұлғалар көлік құралдарына салынатын салықты қайда төлейді?
Салықты тұрғылықты жері бойынша бюджетке төлеуі қажет, деректемелерін тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына не 1414 телефоны арқылы Байланысорталығына хабарласып алуға болады.
5. Автокөлікжол-көлік апатынан кейін бұзылып, пайдаланылмай тұр, осы көлік құралы үшін салықты төлеу керек пе?
Иә, автомобиль иесі әзірге бар және Жол полициясы басқармасының органдарында көлік тіркеу есебінде тұрған болсатөлеуі керек. Осындайкөлік құралы бойынша салық міндеттемесін орындауды тоқтату үшін оны тіркеу есебінен шығару қажет.
6. Көлік құралдарына салық төлеу кезінде өз атыма қате төлеп қойдым, ал автокөлік жұбайымның атына тіркелген. Енді бұл төлемді әйелімнің атына қалай есептесем екен?
Салық кодексінің 101-бабы 5-тармағына сәйкес салықтың, бюджетке төленетін төлемнің, өсімпұлдың артық төленген (өндіріп алынған) сомасы басқа салық төлеушінің салықтық берешегін өтеу есебіне есептеуге жатпайды. Бұл адам сомасын қайтару туралы салықтық өтініш бере алады.
7. Егер мен автокөлікті сенімхат бойынша сатып жіберсем, салықтар кімге есептеледі: маған баәлде автокөліктің нақты пайдаланушысына ма?
Сіздің меншік құқығыңыз екі жақты мәміле жасалған және уәкілетті органда тіркелген негізінде ғана тоқтатылады, автомобильді басқа тәсілдермен сату (сенімхат бойынша не сақтандыру бойынша) меншік құқығын тоқтатпайды.Тиісінше, салықтар ресми түрде уәкілетті органда тіркелген автокөліктің меншік иесінеесептеледі. Бұл ретте сенімхат бойынша көлік құралын беру Азаматтық кодексінің нормаларына сәйкес мүлікті иеліктен айырумен меншік құқығын беруболып табылмайды, тек меншік иесінің атынаноны басқаруға немесе мүдделерінбілдіруге ғана құқық береді.

8. Егер автомобиль ағымдағы жылғы тамыз айында сатып алынған болса, жеке тұлғадан көлік құралы салығын төлеу қандай мөлшерде жүргізіледі?
Көлік құралы салығының сомасы меншік құқығы алынған айдың 1-күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгі кезең үшін есептеледі. Тиісінше, сіздің жағдайыңызда көлік салығын бес ай үшін: ағымдағы жылғы тамыздан желтоқсанға дейін төлеу қажет.
9. Көлік құралдарының тіркемелері көлік салығын салу объектісі болып табылады ма?
Көлік құралдарының тіркемелері көлік құралы салығын салу объектісі болып табылмайды.
10. Жеке тұлға қалай және қай жерде өз бетінше көлік салығын есептеу алады?
Көлік құралы салығын есептеуді салық төлеушілер өз бетінше мынадай сервистерге өтіп: «Электрондық сервистер» - «Калькулятор» - «Көлік салығын есептеу» деген парақшалардан немесе http://kgd.gov.kz/ru/calc/transports деген тікелей сілтеме бойынша өтіп, http://www.kgd.gov.kzпорталын пайдаланумен жүргізуі мүмкін. Автоматты есептеуді жүргізу үшін тиісті ашық жолдарды толтырыңыздар.
11. Жер салығын және мүлік салығын айқындау үшін салық базасықандай?
Жер салығын айқындау үшiн жер учаскесiнiң және (немесе) жер үлесінің алаңы, ал мүлік салығы бойынша – мүлікті бағалау құны салықтық база болып табылады.
12. Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер салығын төлеуші ретінде тану үшін негіз болып табылатын не?
Жер учаскесіне арналған сәйкестендіру құжаттары болмаған жағдайда пайдаланушыны жер учаскесіне қатысты жер салығын төлеуші ретінде тану үшін:1) жер учаскесі мемлекеттік меншіктен берілген кезде – мемлекеттік органдардың жер учаскесін беру туралы актілері;
2) қалған жағдайларда – азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздерде осындай учаскені іс жүзінде иелену және пайдалану негіз болып табылады (СК 499-б.3-т.).

13. Жеке тұлғадан мүлік салығын есептеудің салық базасы? 
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы есепті жылдан кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша айқындайтын салық салу объектілерінің құны жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары, гараждар бойынша салықтық база болып табылады (Салық кодексінің 529-б.1-т.).
14. Ауыл шаруашылық мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлер бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету қай жағдайда жүргізіледі? 
Жергілікті өкілетті органдардың Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге базалық жер салығының мөлшерлемесін он еседен асырмай арттыруға құқығы бар (СК 509-б. 4-т.).
15. 2015 жылы қозғалтқыш көлемі 4700 текше см. болатын 2010 жылғы Lexus маркалы автомашинаны сатып алды да, анасының атына рәсімдеді, анасы «Алтын алқа» орденін иеленген, ол көлік салығын төлеуден босатылады ма? 
Салық кодексіне сәйкес қозғалтқыш көлемі 4000 текше см. асатын және уәкілетті органда 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін қайта ресімделген автомобильдер көлік салығын төлеуден босатылмайды, сондықтан аталған норма көрсетілген адамдарға қолданылмайды.
16. Мен – 2-ші топтағы мүгедекпін, мен көлік салығынан босатыламын ба?
Иә, Сіз 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін көлік құралының меншік иесінің ауысуымен байланысты уәкілетті мемлекеттік органдарда тіркелген, қозғалтқыш көлемі 4 000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильден басқа, салық салу объектісі болып табылатын бір автокөлік құралы бойынша – меншігіңіздегі мотоколяска және автомобиль бойынша жеңілдікті пайдалана аласыз.
17. Жеке тұлға-мүгедек үшін мүлік салығын және жер салығын есептеу кезінде қандай салықтық жеңілдіктер көзделген?
Мүгедектер меншік құқығындағы барлық салық салу объектілерінің жалпы құнының 1500 еселенген мөлшердегі айлық есептік көрсеткіші шегінде мүлік салығын төлеуші болып табылмайды.Мүгедектер мыналар бойынша:
-тұрғын-үй қоры, оның iшiнде, оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар алып жатқан жер учаскелерi;
-үй маңындағы жер учаскелерi;
-құрылыс алып жатқан жердi қоса алғанда, жеке (қосалқы) үй шаруашылығын жүргiзу, бағбандық және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскелерi;
-гараждар орналасқан жер учаскелерi бойынша жер салығын төлеуші болып табылмайды.

18. Жеке тұлалардың жергілікті салық бойынша берешегін қалай тексеруге болады?
Салықтық берешектің, оның ішінде көлік құралына салығы бойынша берешектің бар жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің (www.kgd.gov.kz) сайтында «Электронды қызмет» - «Салықтық берешектің жоқ (бар) екені туралы мәлімет» бөлімінде ЖСН енгізу арқылы, сондай-ақ «Электронды үкімет» порталында не жергілікті жері бойынша МКБ тексеруге болады.
19. Мемлекеттік кірістер органы мүлік және көлік құралы бойынша деректер қорын өзектендіру үшін қандай іс-шаралар жүргізуде?
Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдары уәкілетті органдармен деректер қорын өзектендіруді жүргізуде. Меншік иелері туралы мәліметтер нақтылануда, сондай-ақ осындай мәліметтерге талдау жасалуда. ҚР ІІМ, ҚР ӘМ, ҚР АШМ КУЗР, «Азаматарға арналған үкімет» КЕАҚ ақпараттық жүйелерімен өзара онлайн іс-қимыл 2019 жылғы 4-тоқсанға жоспарлануда. Бұл шара салық төлеушілерден келіп түсетін өтініштерді қысқаруға, сондай-ақ салық сомасын дұрыс есептеуге мүмкіндік береді.
20. Салықтық рақымшылық жеке тұлғалардың мүлік салығы, жер және көлік салығы бойынша берешектеріне әсер етеді ме?
Иә, таратылады. Бұл ретте алдыңғы кезең ішінде жеке тұлғада қалыптасқан салықтық міндеттемелер бойынша 2019 жылғы 31 желтоқсанға (қоса алғанда) дейінгі мерзімде қарыздың негізгі сомасын төлеген жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдар сомасы рақымшылыққа жатады.
08 қараша 2019 ж. 874 0