ҚР Білім және ғылым вице-министрі қызметінен босатылады

«Білім және ғылым вице-министрі Ф.Н. Жақыпованы қызметінен босату мәселесі бойынша келесіні хабарлаймыз: қазіргі уақытта осы лауазымды тұлға басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Заңнамасына сәйкес атқарып отырған қызметінен босату бойынша келісу рәсімі жүргізілуде», - деп жазды ол.
Еске сала кетейік, бұған дейін Парламент Сенатының депутаты Еділ Мамытбеков ҚР премьер-министрі Асқар Маминге жолдаған сауалында білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпованың плагиат ісімен айналысатын сұрағанын хабарлаған болатынбыз.