Тоқаев Жақыпованы қызметінен босатты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Фәтима Жақыпованы қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Фәтима Надырқызы Жақыпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды", - делінген өкімде.Фатима Жақыпова 1968 жылы Алматыда туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады.
Әртүрлі жылдары білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті директорының орынбасары, Назарбаев университеті ұлттық мемлекеттік саясат мектебінің атқарушы директоры болып жұмыс істеді.
Ал президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы ректоры қызметін 2016 жылдың шілдесінен бері атқарып келді.
sputniknews.kz"Мемлекет басшысының өкімімен Фәтима Надырқызы Жақыпова басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры қызметінен босатылды", - делінген өкімде.Фатима Жақыпова 1968 жылы Алматыда туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдады.