Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар енді мемлекеттік қызмет ақысын QR-кодпен төлей алады

Қазақстандықтар енді мемлекеттік қызмет ақысын QR-кодпен төлей алады

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ 12 қарашадан бастап электронды үкіметтің төлем шлюзында QR-код арқылы төлем жасауға болады, деп хабарлайды stan.kz 
Бұл қызмет халықаралық төлем жүйесі Visa платформасында жүзеге асырылған. Жобаны «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен Halyk Bank бірлесіп жасапты.
Төлем жүйесінің бұл түрін қолдану үшін электронды үкімет порталында қызметке тапсырыс беріп, төлем шлюзында "QR-code" HomeBank-ты таңдап, құрастырылған кодты Homebank мобильді қосымшасы арқылы сканерлеуден өткізсеңіз болғаны.
Ескере кетерлік жайт, электронды үкіметтің төлем шлюзы арқылы төлем картасымен, электронды әмиянмен, ұялы телефон балансымен және тапсырыс-шотымен қаржы операцияларын орындауға болады.
13 қараша 2019 ж. 829 0