Қазақстан тарихы пәні бойынша 8 сынып оқушыларына арналған оқулықта табылған қателер түзетілетін болады. Бұл туралы Атырауда өткен жиналыста Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнография институтының директоры Зиябек Қабылдинов мәлімдеді, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі "Прикаспийская коммуна" басылымына сілтеме жасап.