Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақтөбе облысында Whatsapp арқылы елді дүрліктірген әйел ұсталды

Ақтөбе облысында Whatsapp арқылы елді дүрліктірген әйел ұсталды

Ақтөбе облысының полицейлері коронавирус жайлы жалған ақпарат таратқан фармацевтика компаниясының қызметкерін ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстың полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
29 қаңтарда әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Whatsapp мессенджері арқылы жалған ақпарат тарату фактісі анықталған.
"Тексеру шаралары барысында дыбыстық хабарламаны таратқан әйелдің кім екені анықталды. Ол фармацевтика компаниясының 37 жастағы қызметкері болып шықты", - делінген хабарламада.
Полиция департаментінің ақпаратынша, жауап алу кезінде әйел кінәсін мойындады.
Қазір Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Ақтөбе облысының полиция департаменті жалған мәлімет тарататындар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын еске салды.
Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігіне сәйкес, БАҚ және ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы жалған ақпарат таратқандарға 3 мың АЕК-ке дейін айыппұл салынады, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартылады. Не болмаса 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығы шектеліп, немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
01 ақпан 2020 ж. 766 0