Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Қуатты бомба жарылысы болады": Шымкентте жалған ақпарат таратқан екі әйел ұсталды

"Қуатты бомба жарылысы болады": Шымкентте жалған ақпарат таратқан екі әйел ұсталды

Шымкентте қуатты бомба жарылысы болады деп жалған ақпарат таратқан екі әйел адам ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде,

Ведомство мәліметінше, Шымкент қаласының полиция департаменті екі әйелді ұстаған. Олар қуатты бомба жарылысы болады деген жалған ақпаратты таратқан. Ішкі істер органдарымен ұсталғандарға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
«Ішкі істер министрлігі тұрғындардан әлеуметтік желілер арқылы және түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеуін және үрейге бой алдырмауын сұрайды», - делінеді хабарламада. 
Еске сала кетсек, бұған дейін желіде Шымкентте жарылыс болатыны туралы ақпарат тараған еді. Артынша қалалық ТЖД ақпаратты жоққа шығарды.

https://stan.kz 

27 маусым 2019 ж. 646 0