stan.kz Жүргізуші куәлігі, диплом және тіркеу туралы куәлік eGov мобильді қосымшасында пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды сандық даму, инновация және аэроғарыш индустриясының баспасөз қызметі. Мұндай ұсыныс министр Асқар Жұмағалиевтің төрағалығымен мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды. «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасы Әсет Тұрысов мемлекеттік органдарға мобильді қосымша арқылы азаматтар көрсете алатын құжаттар тізімін кеңейтуді ұсынды.