Шымкентте алғашқы қызғалдақтар бүр жара бастады (фото)
Қазақстанның басқа қалаларында термометр бағаны нөлден төмен болса, Шымкентте ауа температурасы нөлден жоғары. Қалада тіпті, алғашқы қызғалдақтар бүр жара бастаған хабарлайды kaz.nur.kz Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.
Ақпан айында бүр жарған алғашқы қызғалдақтар Д.Қонаев даңғылының бойында байқалған.
Айта кетейік, осы жылы Шымкент ТМД елдерінің мәдени астанасы.
Осы орайда қаланы көркейту бойынша мамандар ғана емес, сәулетшілер мен суретшілер жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта шаһарда голландиялық сұрыптағы қызыл, көк, алқызыл және күлгін түсті қызғалдақтар отырғызылған.
Мегаполистің көптеген тұрғыны енді әлемдегі ең әдемі бақтың бірі нидерландылық Кекенхофтан кем емес гүл саябағына куә болады.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер 11 және 13 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.
Метеорологтардың мәліметінше алдағы үш тәулікте арктикалық суық фронттар Қазақстан арқылы өтеді.
Салдарынан қар жауып, боран мен солтүстік-батыс жел соғады. Оңтүстік облыстарда жауын – шашын, жаңбыр, сулы қар, тұман және көктайғақ болады. Кей өңірлерде ауа температурасы 25-33 градусқа дейін төмендеуі ықтимал.