Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Үсік жүреді: үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Үсік жүреді: үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

tolqyn.kz. 14-16 қыркүйекке ауа райы болжамы жасалды. Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал. Қазақстанда демалыс күндері ауа райы жылы болады, тек шығыста үсік жүруі мүмкін, деп хабарлады sputniknews.kz Қазгидрометке сәілтеме жасап.   
Синоптиктердің мәліметінше, республиканың оңтүстік жартысына белсенді бұлт құйыны жылжып келеді, ол кей жерлерде найзағайлы өткінші жаңбыр тудырып, Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал.
Ал Ресейдің Еуропа бөлігінің солтүстік-батыс аймағынан жылжып жатқан атмосфералық фронттар республиканың батыс және солтүстік өңірлерінде найзағаймен жаңбыр, екпінді жел әкеледі деп болжануда.
Мұндай ауа райы кезінде ауа температурасы климаттық нормаға жақын болады деп болжанады, ал үсік Қазақстанның тек шығысында болуы ықтимал.  

Ірі қалалардағы ауа райы

14 қыркүйекте Нұр-Сұлтанда түнде 10 градус нөлден жоғары, ал күндіз 19 градусқа дейін көтеріледі. Алматыда түнде плюс 15, күндіз 22 градус болады. Шымкентте түнде сынап бағанасы +16 градусты көрсетсе, күндіз 26 градусқа дейін жылынады.
 15 қыркүйекте елордада түнде 10 градус, күндіз 20 градус жылы болады. Алматыда түнде 17 градус нөлден жоғары болса, күндіз 18 градус жылы болмақ. Шымкентте түнде 18 градус, күндіз 24 градус жылы.
16 қыркүйек астанада түнде 12, күндіз 21 градус нөлден жоғары. Алматыда түнде +13, күндіз +20 градус болды. Шымкентте түнде 15 градус жылы, күндіз сынап бағанасы +25 градусты көрсетеді.
13 қыркүйек 2019 ж. 925 0