Синоптиктер 30 сәуір-2 мамыр күндеріне арналған ауа райы болжамын жасады. Мамандардың болжамынша, елімізде ауа райы құбылмалы болып, күн суытады, деп хабарлайды. 30 сәуірде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, жауын-шашын жауады. Ал солтүстік аймақтарда жаңбыр жауып, арты қарға ұласады. Сонымен қатар бұршақ жауып, екпінді жел соғып, күн қысқа мерзімге жылығанымен, қайта суытады:Қазақстанның батысында түнде -2+5°С, күндіз +7+15°С болады.