Полиция департаментінің жеке құрамымен кездесу өткізді

Ағартушылық жиында сөз алған Агенттіктің ресми өкілі Арман Бердалин парасатты қоғам құрудың маңыздылығын айқындап, жиынға қатысушыларды ел игілігі жолында адал қызмет етуге үндеді.
Сондай-ақ, қоғам індетінің мемлекет экономикасына тигізер зардабы мен залалын жан-жақты түсіндіріп, киелі өңірді сыбайластықтан азат кіршіксіз мекенге айналдыруға шақырды.
Өз кезегінде Республикалық ақпараттық-ағартушылық штаб төрайымы Ырза Тұрсынзада ар үстінен аттаған парақорлықтың ауыр қылмыс екендігін атап өтіп, парасаттылық пен адалдық принцптерін кеңінен насихиттады.