Жұмылсақ жеңеміз

Өз сөзінде Елбасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметтің іске асырып жатқан шараларын қолдайтынын айта келе, барлық бастамаларды толыққанды жүзеге асырғанда қауіптің сейілетінін баян етті.
Ұлт көшбасшысы үндеуінде бес бірдей міндетті жүзеге асыру жолдарын айқындап, нақты атап өтті. Сондай-ақ жұртшылыққа пандемиямен күрестің «алдыңғы шебінде» жүрген дәрігерлер мен медбикелерді, құқық қорғау органдары мен әскери қызметкерлерді қолдауымыз керек деп жауапты сәтте тәртіпке бағынудың қаншалықты қажет екендігіне тоқталды.
Мұнан бөлек Тұңғыш Президент уақытша көрініс алған дағдарысты өтпелі екенін айтып, осы күнге дейін қаншама қиындықты жеңген еліміз оны да еңсеруге қауқырлы екеніне сенім білдірді.
Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев үндеуінде айтқан «Кемедегінің жаны бір» деген сөзін тағы бір мәрте айта келе барша қазақстандықты сабырмен күресу шақырамын.
Алдаберген Жоланов,
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы