Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға артылған міндет

Жастарға артылған міндет

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Үндеу жасада. Үндеуінде: «Кезінде Әйтеке би бабамыз: «Ел мұраты – көрешек, ер мұраты – келешек. Осыларды ойлаған – қоймас түбі сүйінбей», – деген екен. Қандай керемет айтылған сөз! Дәл қазір бізге бүкіл адамзат өркениетін сүріндіретін емес, барша әлем халқын сүйіндіретін жаңашыл саясат керек. Кез келген қиындық адамды тығырықтан шығуға, өзгеше ойлауға, қалыптасқан жұмыс тәсілдерін жетілдіруге бастайды. Ал бұл ғылым мен технологияны дамытуға, сергек өмір салтын қалыптастыруға алып келеді. Бүгінде еңбекті ұйымдастырудың креативті әдістері, тіпті жаңа кәсіп түрлері шыға бастады. Қазір адамдар біртіндеп қағазбастылықтан арылып, қашықтан жұмыс істеу режиміне көшті. Осының бәрі бір кезде алдын ала жоспарланып, кеңінен ойластырылған шаралардың арқасында ғана мүмкін болып отыр» – деп атап өтіп, төтенше жағдай кезіндегі бірқатар міндеттерді атап.Соның қатарында жастарға да тікелей сөз арнап, осынау қиын сәтте елге көмек көрсету үшін ел жастарының да орыны орасан зор екенін жеткізді. Иә, тәуелсіздік алғалы бергі атқарылып жатқан істердің игілігін көріп келдік. Әсіресе жастар үшін жасалған қолдаулар өте көп. Сол қолдаудан қанаттанып, сын сағатында туған еліміз үшін ерінбей күш салуымыз қажет.
Біз біргеміз!
Айбек ОҢҒАРОВ,
белсенді жас
08 сәуір 2020 ж. 428 0