Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 16 медицина қызметкеріне ноутбук табысталды

Қызылордада 16 медицина қызметкеріне ноутбук табысталды

  kyzylorda-news.kz Қызылорда облысының әкімдігі коронавирустық инфекциямен күресіп жатқан медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасап, кәсіпорындар мен қоғам белсенділері қолдау көрсетуде.
Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры «COVID-19» пандемиясымен күресуші көп балалы 16 кіші буын қызметкеріне ноутбук табыстады.
Қауіпті індетке байланысты күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқан қызылордалық дәрігерлер бірнеше апта бойы отбасыларынан тысқары жүр. Осыған орай, Сыр өңірінің барша медицина қызметкерлері қиын сәтте қолдау көрсеткен Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қорына алғысын білдіреді.
Айта кетейік, Назарбаев Университеті қауымдастығының әлеуметтік даму қоры Павлодар, Көкшетау, Шымкент, Теміртау, Талдықорған, Ақтөбе қалаларының медицина мамандары да компьютер сыйға тартқан.
23 сәуір 2020 ж. 421 0